Плагиатқа тексеру
«Механика және технологиялар» журналына жіберілген әрбір мақала заңсыз иемденулердің (плагиат) бар-жоғын анықтау үшін тексеріледі. Плагиатқа тексеру StrikePlagiarism лицензиялық жүйесі көмегімен жүргізіледі. StrikePlagiarism жүйесін пайдалану мерзімі 365 күн (келісім-шарт 20.05.2024 жасалған, №287/24-ОИ ПНЗ).
Плагиатқа тексеруден өткен мақала ғана рецензияға жіберіледі. Плагиатқа тексеруден өтпеген мақала келесі кезеңге жіберілмейді және бұл туралы авторға хабарланады.
Плагиатқа тексеру нәтижелері бойынша айқындалған мақала мәтінінің ұқсастық коэффициенті (КП) 25%-дан аспауы тиіс. Плагиатқа тексеру есебі pdf форматында сайтқа салынады және автордың жеке кабинетінде танысу үшін қолжетімді болады.