Төлем реквизиттері
«Механика және технологиялар» ғылыми журналында мақаланы дайындау, сараптама жүргізу, жариялау, DOI индекстерін тіркеу және мақаланың метадеректерін индекстелетін базаларға жүктеу сияқты жұмыстар үшін төлемақы қарастырылған. Журналдың тақырыптық бағытына байланысты университеттің Ғылыми кеңесінің 09.04.2024 жылғы шешіміне сәйкес белгіленген төлем көлемі мынадай:
Журналдың тақырыптық бағыты |
Өлшем бірлігі |
Жариялау ақысы, теңге |
ДУ авторларына, теңге |
Комитеттің 2-тізіміне енген тақырыптық бағыттар |
|||
Тамақ өнімдерінің технологиялары |
1 мақала |
20 000 |
10 000 |
Жеңіл өнеркәсіп технологиялары |
1 мақала |
30 000 |
10 000 |
Химиялық технологиялар |
1 мақала |
20 000 |
10 000 |
Құрылыс технологиялары |
1 мақала |
12 000 |
10 000 |
Өзге тақырыптық бағыттар |
1 мақала |
2 500 |
2 500 |
Жариялау төлемі мақала жариялауға қабылданғаннан кейін ғана жасалады. Тиісінше, авторлардан алдын-ала төлем қабылданбайды.
Шетелдік авторларға мақала жариялау ақысыз.
Жарияланым үшін төлемді жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да жасай алады.
Жеке тұлғалар үшін онлайн-банктердің қосымшалары арқылы төлем жасау ұсынылады (Kaspi.kz, Halyk және т.б.). Ол үшін ыңғайлы қосымшаны таңдап, келесі әрекеттердің бірін орындау қажет:
Kaspi.kz қосымшасын ашыңыз → Төлемдер → Барлық төлемдер → Білім → ЖОО және колледждер → М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті (Dulaty University) → Мақаланы жариялау
Halyk қосымшасын ашыңыз → Төлемдер → Барлық төлемдер → Жамбыл облысы → Білім → ЖОО, колледждер → «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КАҚ → Бағыт → Мақала жариялау үшін
Төлем жасалғаннан кейін түбіртектің көшірмесін журналдың редакциясына жіберу қажет.
Заңды тұлғалар үшін келісім-шарт негізінде банктік аударым арқылы төлем жасауға болады (төлем шотын, шот-фактураны және орындалған жұмыстар актісі беріледі).
Жариялау ақысы мынадай реквизиттер бойынша жүргізілуі тиіс:
«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ
080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 7
БИН: 240 940 026 321
Кбе: 16
КНП: 859
Банк: АО «Банк Центр Кредит»
ИИК: KZ668562203140753935
БИК: KCJBKZKX
Төлем мақсаты: Өзге табыстар → «Механика және технологиялар» журналында мақала жариялау үшін.