Журнал туралы

«Механика және технологиялар» ғылыми журналы

ISSN 2308-9865

e-ISSN 2959-7994

Мақала қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады 

Журнал тоқсан сайын (жылына 4 рет) шығады

МББ тіркеу куәлігі: №13521-Ж (15.04.2013 ж.)

МББ қайта тіркеу куәлігі: KZ93VPY00027164 (23.09.2020 ж.)

Журналға жазылу индексі: 74714 («Казпочта» АҚ -«Почтовый сервис»)

Баспагер: «Dulaty University баспасы»

Журналдың құрылтайшысы және шығарушысы: «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ, https://dulaty.kz/

 

«Механика және технологиялар» ғылыми журналына келесі тақырыптық бағыттарға сәйкес мақалалар қабылданады:

- тамақ өнімдерінің технологиялары (Комитет тізіміне енген);

- жеңіл өнеркәсіп технологиялары (Комитет тізіміне енген);

- құрылыс технологиялары (Комитет тізіміне енген);

- химиялық технологиялар (Комитет тізіміне енген);

- механика (қатты дене, сусымалы заттар, топырақ, сұйық және газ тәрізді заттар механикасы);

- көлік технологиялары;

- машина жасау технологиялары;

- экологиялық технологиялар;

- мелиорациялау және суғару технологиялары;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

 

Журнал жұмысы «Мерзімді ғылыми басылымдар туралы ережесі» («М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ ректорының 19.11.2020 ж. №152 бұйрығымен бекітілген) құжатына сәйкес ұйымдастырылады.

Журналдың ГОСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық рәсімдеу» және ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері» талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін «ҰМҒТСО» АҚ анықтамасы алынған.

 

«Механика және технологиялар» журналы келесі дерекқорларға енгізілген:

- Information Service for Physics, Electronics аnd Computing (INSPEC DIRECT) реферативтік дерекқоры (Ұлыбритания);

- РИНЦ ғылыми дәйексөз ұлттық библиографиялық деректер базасы (РФ), IF2023 –0,044;

- ҚазБЦ сілтемелер дерекқоры (Қазақстан), IF2020 – 0,088.

 

Журнал келесі жүйелермен кіріктірілген:

- CrossRef мамандандырылған анықтамалық библиографиялық қызметі (АҚШ);

- Digital Object Identifier (DOI) стандарты (АҚШ);

- Open Journal Systems (OJS) жүйесі (Канада);

- Committee on Publication Ethics (COPE) комитеті (Ұлыбритания);

- Directory of Open Access Journals (DOAJ) индексі (Ұлыбритания).

 

Журнал ҚР Ғылыми және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің негізгі ғылыми басылымдарының тізіміне енгізілген. Журнал келесі тақырыптық бағыттар бойынша Комитеттің 2-тізімінде бар (12.07.2024 ж., №603 бұйрық):

- Құрылыс технологиялары;

- Жеңіл өнеркәсіп технологиялары;

- Химиялық технологиялар;

- Тамақ өнімдерінің технологиялары.

 

Журнал 1994 жылдан бастап шығады.

Журналдың алғашқы аты – «Механика және технология үрдістерін модельдеу». Жылына 2 рет шыққан. Тіркеу нөмірі: №1193 (23.11.1993 ж.), №560-Ж (4.02.1999 ж.), №4244-Ж (08.10.2003 ж.).

2013 жылдан бастап тақырыптық бағытын кеңейту мақсатында журнал «Механика және технологиялар» деген атпен шығарылуда.

 

 

Loading...