Авторларға арналған ақпарат

Авторларға арналған ақпарат

ТАЛАПТАР (pdf)

Құрметті автор!

«Механика және технологиялар» журналына мақала жариялағыңыз келсе, төменде берілген мәліметтермен толық танысып шығуыңызды сұранамыз. Өйткені ол мақалаңыздың журнал талаптарына сай дұрыс рәсімделуіне, редакциялық тексеру үрдісінен мүдірмей өтуіне және жылдам қабылдануына мейлінше әсер етеді. Сондықтан мұқият оқып шығуыңызды өтінеміз.

Мақала рәсімдеу талаптарын жүктеп алуыңызға болады. Ресми хат алмасулар журналдың электрондық сайты арқылы жүзеге асады. Электрондық пошта арқылы мақалалар қабылданбайды.

 

Мақала қабылдау мерзімдері

  • журналдың №1 санына – 28 ақпанға дейін;
  • журналдың №2 санына – 31 мамырға дейін;
  • журналдың №3 санына – 31 тамызға дейін;
  • журналдың №4 санына – 30 қарашаға дейін.

 

Мақаламен редакциялық жұмыс жасау алгоритмі мен мерзімі

Деңгей

Деңгей сипаттамасы

Мерзімі*

1

1.1        Мақаланың редакцияға түсуі

-

1.2        Мақаланы плагиатқа тексеру

2 күн

1.3        Плагиаттан өтпеген мақала туралы авторға хабарлау

2 күн

2

2.1. Мақаланы техникалық тексеру

3 күн

2.2. Талапқа сай келмеген жағдайда мақаланы авторға қайтару

2 күн

3

3.1. Мақаланы рецензиядан өткізу

10 күн

3.2. Ескертпелер болған жағдайда мақаланы түзетуге авторға қайтару

3 күн

4

4.1 Мақаланы редакциялық алқа сараптауынан өткізу

3 күн

4.2 Ескертпелер болған жағдайда мақаланы түзетуге авторға қайтару

3 күн

5

5.1 Мақаланы Бас редактордың тексеруі

3 күн

5.2 Ескертпелер болған жағдайда мақаланы түзетуге авторға қайтару

3 күн

6

Мақалаға DOI индексін тағайындау

2 күн

7

Мақаланы шаблонға сәйкес беттеу және рәсімдеу

5 күн

8

Мақала файлын сайтқа орналастыру

3 күн

9

Мақаланың метадеректерін дайындау және дәйексөздер қорларына енгізу

5 күн

*Ескерту: Кей уақыттары, мақала санының көптігіне байланысты, көрсетілген мерзімдер өзгеруі мүмкін.

 

Тақырыптық бағыттар

Ғылыми мақала бұрын жарияланбаған және жаңалығы бар авторлық зерттеулерді, қорытындыларды, ұсынымдарды қамтитын ғылыми зерттеудің, эксперименттік, сараптамалық жұмыстың бастапқы, аралық немесе соңғы нәтижелерінің мәтіндік материалы болуға тиіс. Ғылыми мақала ретінде бұрын жарияланған ғылыми нәтижелерді зерттеу мен талдауға арналған жұмыс (шолу мақаласы) та саналады. Шолу мақаласында қорытынды тұжырымдар мен ұсыныстар баяндалады.

Журналға келесі тақырыптық бағыттағы мақалалар қабылданады:

  • механика (қатты дене, сусымалы заттар, топырақ, сұйық және газ тәрізді заттар механикасы);
  • тамақ өнімдері технологиялары;
  • жеңіл өнеркәсіп технологиялары;
  • көлік технологиялары;
  • құрылыс технологиялары;
  • машина жасау технологиялары;
  • химиялық технологиялар;
  • экологиялық технологиялар;
  • мелиорация және суғару технологиялары;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

 

Мақала рәсімдеудің техникалық талаптары

Мақала А4 форматындағы парақта терілуі тиіс. Парақтың жиек өлшемдері келесідей: сол жақта – 2,5 см, оң жақта – 5,5 см, жоғарғы жағы – 3,0 см және төменгі жағы – 3,5 см.

Қаріп гарнитурасы – TimesNewRoman, қаріп өлшемі – 11, жоларалық интервал – 1,0. Авторлар туралы мәліметтер, аңдатпалар, тірек сөздер мен әдебиеттер тізімі 10-өлшемді қаріппен рәсімделуі қажет.

 

Мақаланың құрылымдық элементтері

Ғылыми мақаланың құрылымы келесі элементтерді қамтуы керек:

  • ҒТАМР (МРНТИ) индексі;
  • мақала авторының аты-жөні (негізгі автор арнайы көрсетілуі тиіс);
  • автордың (авторлардың) ғылыми дәрежесі, атағы;
  • автордың (авторлардың) жұмыс орны: ЖОО-ның (ұйымның), қаланың, елдің атауы;
  • әр автор үшін байланыс ақпараты (e-mail);
  • авторлардың ORCID индексі;
  • мақаланың тақырыбы;
  • аңдатпа;
  • тірек сөздер;
  • кіріспе (өзектілігі);
  • зерттеу шарттары (бастапқы материалдары) мен әдістері;
  • зерттеу нәтижелері;
  • зерттеу нәтижелерін талқылау;
  • қорытынды;
  • әдебиеттер тізімі;
  • қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса);
  • алғыс білдіру (қажет болса).
  • түйінді ақпарат – мақала тілінен өзге тілде (орыс/қазақ): автордың аты-жөні, ЖОО-ның / ұйымның атауы, мақаланың тақырыбы, аңдатпа, тірек сөздер. Қаріп түрі – Calibri;
  • түйінді ақпарат ағылшын тілінде: автордың аты-жөні, ЖОО-ның ұйымның атауы, мақаланың тақырыбы, аннотация, тірек сөздер, әдебиеттер тізімі. Қаріп түрі – Calibri.

 

ҒТАМР индексі беттің сол жақ шетінде жазылады. Индексті www.grnti.ru сілтемесі арқылы алуға болады.

Авторлар аты-жөндері келесі ретпен көрсетіледі: инициалдары және тегі (Мысалы: А.Б. Мұсабаев) қою әріптермен беріледі. Әр автордың ORCID индексі көрсетіледі. ORCID индексі https://orcid.org/ сайтына тіркеліп, тегін алынады. Мақаланың негізгі авторы белгіленіп көрсетілуі керек. Мәліметтер оң жақ жиекке тураланады.

Авторлар туралы мәліметтер (ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны, қаласы, елі, электрондық поштасы) келесі жолда сол жақ жиекке тураланып, курсивпен жазылады.

Мақаланың тақырыбы мазмұнды дәл көрсетіп, қысқа әрі нақты болуы керек. Мақала атауындағы сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Мақала тақырыбының қаріпін бас әріптермен теріп, қою мәтінмен жазу керек. Қаріп өлшемі – 14. Тақырып беттің ортасында жазылу керек.

Аңдатпада мақаланың негізгі мәні, зерттеу әдістері, басты нәтижелері, олардың маңыздылығы, ғылыми және тәжірибелік құндылығы баяндалады. Аңдатпа көлемі 100-150 сөз аралығында болуы керек. Аңдатпа 10-өлшемді қаріппен теріліп, беттің ені бойынша тураланады.

Тірек сөздер мақаланы іздеуге және оның пәндік саласын анықтауға арналған. Тірек сөздер мақала мәтінінде жиі қолданылатын жеке сөздерден немесе сөз тіркестерінен тұрады. Тірек сөздердің саны 5-10-нан аспауы керек. Тірек сөздер 10-өлшемді қаріппен теріліп, беттің ені бойынша тураланады.

Кіріспе бөлімінде мақала тақырыбын таңдау қажеттілігі, оның өзектілігі мен жаңалығы көрсетілуі керек. Тақырыптың өзектілігі – мәселенің жалпы маңыздылығын сипаттай отырып, оның толық ашылмағандығын, қосымша теориялық және тәжірибелік зерттеулер қажеттілігін баяндау.

Зерттеу шарттары (бастапқы материалдары) мен әдістері бөлімінде материалдар мен жұмыс барысының сипаттамасы және қолданылған зерттеу әдістері көрсетілуі керек.

Зерттеу нәтижелері бөлімінде зерттеу барысында алынған нәтижелер баяндалады.

Зерттеу нәтижелерін талқылау бөлімінде алынған нәтижелердің ерекшеліктері мен оларды бұрын алынған белгілі мәліметтермен салыстыра отырып талдау нәтижелері келтіріледі. Қажет болған жағдайда зерттеу нәтижелері мен оларды талқылау бөлімдері біріктіріледі.

Қорытынды бөлімінде зерттеу нәтижелеріне жалпылама түсінік беріліп, қорытынды жасалады.

Әдебиеттер тізімі мақала мәтініндегі берілген ретпен келтірілуі тиіс. Әдебиеттер тізімін рәсімдеу МЕМСТ 7.1-2003 "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері" бойынша орындалуы керек. Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі төменде келтірілген. Әдебиеттер тізімі 10-өлшемді қаріппен теріліп, беттің ені бойынша 1,0 см шығу (выступ) арқылы жазылады.

Түйіндеме бөлімінде мақаланың қазақ/орыс тілінде (мақала тақырыбы, аңдатпа, тірек сөздер, авторлар туралы мәлімет) және ағылшын тілінде (мақала тақырыбы, тірек сөздер, автор туралы мәлімет, сондай-ақ транслитерацияланған және ағылшын тіліне аударылған әдебиет тізімі) ақпарат берілуі тиіс. Түйіндеме 10-өлшемді қаріппен теріліп мақаланың соңында беріледі.

Әдебиеттер тізімін транслитерациялауды https://translate.google.com/ сілтемесі арқылы жасауға болады. Бұл ретте транслитерациялау тәртібі келесідей көрсетіледі: авторлар, транслитерацияланған мақала тақырыбы, тік жақшаның ішінде мақала тақырыбының ағылшынша аудармасы, транслитерацияланған журнал аты, тік жақшаның ішінде журнал атының ағылшынша аудармасы, жылы, номері, беттері. Транслитерациялау тәртібі мысал ретінде төменде көрсетілген:

  1. Tsyganova T., Schneider D., Kostyleva E. Formirovanie receptur dlya proizvodstva bezbelkovyh i bezglyutenovyh produktov [Formation of recipes for the production of protein-free and gluten-free products] // Hleboprodukty [Bakery Products].  2011, No.12, Р. 44-46, [in Russian].
  2. Urbanchik E.N., Masaltseva A.I. Izuchenie semennyh svojstv zerna prosa kak osnovy dlya sozdaniya biologicheski aktivnogo syr'ya [Study of seed properties of millet grain as a basis for creating biologically active raw materials] // Problemy formirovaniya zdorovogo obraza zhizni u molodezhi [Problems of forming a healthy lifestyle among young people] // Materialy XI Vseukrainskoj nauchno-prakticheskoj konferencii molodyh uchenyh i studentov s mezhdunarodnym uchastiem [Materials of the XI all-Ukrainian scientific and practical conference of young scientists and students with international participation] (October 4-6, 2018). – Odessa: ONAPT, 2018. – P. 65-66, [in Russian].

 

Кестелер, формулалар және графикалық материалдар

Кестелерге міндетті түрде сілтемелер берілуі керек, мысалы: (1-кесте). Кестелер мақала мәтінінде алғашқы сілтемеден кейін немесе келесі бетте көрсетіледі. Кесте нөмірі беттің сол жақ шетінен азат жолсыз беріледі (1-кесте), ал кестенің аты бір жоларалық төмен түсіп, беттің ортасында беріледі. Кесте бір бетке сыймаған жағдайда бағандары нөмірленіп, келесі бетте жалғасы беріледі. Кестенің жалғасын былайша беру қажет (1-кестенің жалғасы).

Формулалар нөмірленуі тиіс, мысалы: (1). Формула азат жолдан басталып беріледі, ал нөмірі сол жолдың оң жағында жақша ішінде көрсетіледі. Формула мен мәтін арасында бір жоларалық қалдырылады. Формулалар Microsoft Equation немесе MathType редакторларымен терілуі тиіс.

Суреттерге (сызбалар, сұлбалар, графиктер, диаграммалар) мақала мәтінінде міндетті түрде сілтемелер берілуі керек, мысалы: (1-сурет). Суреттер алғашқы сілтемеден кейін немесе келесі бетте көрсетілуі керек. Суреттер компьютерлік бағдарламалар көмегімен дайындалуы тиіс. Диаграммалардың түсініктеме жазбалары диаграмма ішінде берілуі керек. Сканерленген суреттердің сапасы жоғары болуы қажет. Суреттер ретімен нөмірленеді, сурет аты суреттің астында ортада беріледі. (Мысалы: 1-сурет. Суреттің аты). Суреттің түсіндірме жазбалары болған жағдайда олар сурет пен оның атының ортасында беріледі.

 

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгілері

(МЕМСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері» бойынша)

 Кітап

Резников А.Н. Тепловые процессы в технологических системах [Текст] / А.Н. Резников, Л.А. Резников. – М.: Машиностроение, 1990. – 288 с.

Монография

Криворучко Д.В. Моделирование процессов резания методом конечных элементов: методологические основы [Текст]: монография / Д.В. Криворучко, В.О. Залога. – Сумы: Университетская книга, 2012. – 496 с.

Оқулық, оқу құралы

Бруяка В.А. Инженерный анализ в Ansys Workbench [Текст]: учебное пособие / В.А. Бруяка, В.Г. Фокин, Я.В. Курвева. – Самара: СГТУ, 2013. – 148 с.

Журнал

Доненбаев Б.С. Конечно-элементное исследование и оптимизация геометрических параметров деталей ротационно-фрикционного инструмента [Текст] / Б.С. Доненбаев, К.Т. Шеров // Механика и технологии. – 2018. – №1(59). – С.7-16.

 Патент

Шеров К.Т. Способ термофрикционной обработки плоскости и конструкция диска трения [Текст] / К.Т. Шеров [и др.]// Инновационный патент РК №22998. 2010. Бюл. №10.

Конференция материалдары

Иванов Е.И. Технологическое обеспечение точности обработки отверстий большого диаметра [Текст] / Е.И. Иванов, И.Е. Иванов // Сборник научных трудов XI-ой Международной научно-практической конференции: Том. 2. – Мариуполь: Изд-во ПГТУ, 2014. – С.113-117.

Электрондық ресурс

Трубопроводный транспорт [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://studwood.ru/1679710/tehnika/problemy perspektivy_razvitiya_  Дата обращения: 20.04.20.

Журнал ағылшын тілінде

Sherov T., Donenbayev B.S., Ainabekova S.S. Experimental Research of Rotational and Frictional Boring of Big Holes in Large Parts // Journal of Theoretical and Applied Mechanics, 2017. 47, No. 4. Р. 75-85.

Кітап ағылшын тілінде

Reznikov N., Reznikov L.A. Thermal processes in technological systems. – Moscow: Mechanical Engineering, 1990. – 288 p.

 Басқа тілден ағылшын тіліне аударылғанда

Kurochkina I.N. Sovremennyjj etiketi vospitanie kul'tury povedenija u doshkol'nikov [Modern etiquettes of culture education in preschool children]. – Moscow: Vlados, 2003. – 217 p. [in Russian]

Газет

Михайлов С.А. Езда по-европейски [Текст]: система платных дорог в России находится в начал. стадии развития / Сергей Михайлов // Независимая газ. – 2002. – 17 июня. - № 2 (44).

Диссертация

Белозеров И.В. Религиозная политика Золотой Орды на Руси в XIII–XIV вв. [Текст]: дис. … канд. ист. наук: 07.00.02 / Белозеров Иван Валентинович. – М., 2002. – 215 с.

Ғылыми-зерттеу жұмысының есебі

Формирование генетической структуры стада [Текст]: отчет о НИР (промежуточ.): 42-44 / Всерос. науч.-исслед. ин-т животноводства; рук. Попов В. А.; исполн.: Алешин Г.П. [и др.]. – М., 2001. – 75 с. – № ГР 01840051145. – Инв. № 04534333943.

Стандарттар

СТ РК 1733-2015. Молоко и молочные продукты. Общие технические условия [Текст]. – Астана: Мемстандарт, 2014. – 52 с.

 Заңнамалық материалдар

ҚР Заңы. Білім туралы [Мәтін]: 2007 ж. 27 шілдедегі № 319-III бұйрықпен қабылданған. – Астана: Ақорда, 2007. – 52 б.

Картографиялық басылымдар

Мир. Политическая карта мира [Карты]: полит. устройство на 1 янв. 2001 г. / сост. и подгот. к изд. ПКО «Картография» в 2001 г.; гл. ред. Н. Н. Полункина; ред. О.И. Иванцова, Н. Р. Монахова; рук. проекта М. Ю. Орлов. – 1 : 25 000 000; поликон. пр-ция ЦНИИГАИК. – М.: ПКО«Картография», 2001. – 1 к. (2 л.): цв.; 98×71 см.

 

Loading...